18 қыркүйек 2022 12:18

Головкин қазақстандықтарға үн қатты

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектен кейін Головкин Instagram-парақшасында видео жариялады. 

"Маған қолдау білдірген барша қазақстандыққа, барша жерлесіме, бокс жанкүйерлеріне, жалпы Қазақстан тұрғындарына үн қатқым келеді. Жекпе-жектерімді көріп жүргендеріңіз үшін, қолдауларыңыз үшін рақмет. Бұл бәрімізді біріктіреді. Мұндай кезде барлық проблеманы ұмытамыз. Қолдауды сезіндім, сәл жетпей қалды. Менің қатем, мойындаймын. Мықтырақ болып ораламыз, бәрі жақсы болады", - деді Головкин. 

Реклама
Реклама

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын

Одан кейін Сауль Канело Альварес Головкинге алғыс айтқан еді. Головкин де мексикалықтың командасын құттықтап, карьерасы туралы сұраққа жауап берген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram