Головкин қазақстандықтарға үндеу жасады

Геннадий Головкин қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Геннадий Головкин қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боксшы Геннадий Головкиннің Instagram-дағы парақшасында поляк Камил Шереметаны жеңгеннен кейін қазақстандықтарды құттықтаған видеосы пайда болды.

"Қазақстан, Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Мұның бәрі біздің Отанымыз үшін. Бірге біз күшпіз! Алға, Қазақстан!", - деді Геннадий Головкин.

Реклама
Реклама

Бүгін орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы 41-ші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық боксшы Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты. Бұл кездесуде Головкин өзіне тиесілі IBF және IBO белбеулерін қорғады.

Жекпе-жек тағдыры 7-раундтан кейін шешілді. Шеремета кездесуді жалғастырудан бас тартты. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді. 

Айта кетейік, GGG бұл жекпе-жектен кейін орта салмақ рекордын қойды. 1995-2005 жылдар арасында америкалық Бернард Хопкинс әлем чемпионы титулын 20 рет қорғап, рекорд қойған еді. Ал Шереметаға қарсы жекпе-жекте Головкин титулдарын 21-рет қорғап қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама