ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2019 | 09:26
Головкин келесі жекпе-жегі алдында жаттығу лагерін бастады
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) келесі кездесуі алдында жаттығу лагерін бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) келесі кездесуі алдында жаттығу лагерін бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге өткізетін екінші жаттығу лагері болмақ. Ол Бэнкспен биылғы көктемнен бері жұмыс істеп келеді.
"Демалыс аяқталды, жұмысқа оралатын сәт жетті", - деп жазды Головкин.
Бұл жазбаға жаттығу лагері орналасқан Big Bear-ден (Калифорния штаты, АҚШ) фото қосты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Resting is done. Now, it's time to get back to work. Отдых закончен, время возвращаться к работе ????????
Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing) 19 Авг 2019 в 9:45 PDT
Естеріңізге салсақ, Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты (19-0, 11 КО) нокаутпен жеңген болатын. Енді GGG-дің келесі қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) болады - боксшылар IBF титулын сарапқа салады.
Бұған дейін Головкиннің осы аптада Нью-Йоркте баспасөз мәслихатын өткізетіні хабарланған, мұнда ол келесі жекпе-жегі жайлы ресми хабарлайды.
Показать комментарии
Читайте также