Головкин келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

viewings icon 388
comments icon 0
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz

GGG шаршы алаңға көктемде оралады. Бастапқыда оның келесі кездесуі 8 ақпанға белгіленген, алайда оны 29-на ауыстырды. Кейінірек Головкиннің 28 наурызда шаршы алаңға шығатыны айтылды. Соңғы мәлімет бойынша, қазақстандықтың келесі жекпе-жегі сәуірде не мамырда өтеді. Бұл туралы Boxingnews24.com хабарлады. 

Реклама
Реклама

Қарсыласына келер болсақ, негізгі үміткер ретінде поляк боксшысы Камил Шеремета айтылады. Олардың жекпе-жегін Бүкіләлемдік бокс федерациясы (IBF) санкциялады. 

Головкин осы кездесуде IBF титулын бірінші рет қорғайды, ол оны 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченконың төрешілер шешімімен жеңіп алған еді. 

Tengrinews
Айдос Қосыбаев
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная