Головкин келесі жекпе-жегі алдында жаттығу лагерін бастады

Геннадий Головкин мен Джонатан Бэнкс. © Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) келесі кездесуі алдында жаттығу лагерін бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) келесі кездесуі алдында жаттығу лагерін бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге өткізетін екінші жаттығу лагері болмақ. Ол Бэнкспен биылғы көктемнен бері жұмыс істеп келеді. 

"Демалыс аяқталды, жұмысқа оралатын сәт жетті", - деп жазды Головкин.

Реклама
Реклама

Бұл жазбаға жаттығу лагері орналасқан Big Bear-ден (Калифорния штаты, АҚШ) фото қосты. 

Естеріңізге салсақ, Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты (19-0, 11 КО) нокаутпен жеңген болатын. Енді GGG-дің келесі қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) болады - боксшылар IBF титулын сарапқа салады. 

Бұған дейін Головкиннің осы аптада Нью-Йоркте баспасөз мәслихатын өткізетіні хабарланған, мұнда ол келесі жекпе-жегі жайлы ресми хабарлайды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама