Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін Геннадий Головкин. Фото: DAZN

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Головкиннің промоутері Эдди Хирн IFL TV-ге берген сұхбатында айтты. 

Сондай-ақ жекпе-жек өтуі мүмкін елдердің қатарында АҚШ бар - бұған дейін боксшылар Чикагода жұдырықтасады деп хабарланған. Кездесу 11 сәуірде өтуі мүмкін. 

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, Шеремета - IBF титулының міндетті үміткері. IBF мен IBО белбеулерін Головкин 5 қазанда жеңіп алған болатын. Сол жекпе-жекте украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді. 

37 жастағы Головкин карьерасында АҚШ, Германия, Дания, Панама, Украина, Монако, Ұлыбритания және Қазақстанда жұдырықтасқан. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама