Головкин Келл Брукпен болатын жекпе-жегіне қалай дайындалып жатыр?

Головкин Келл Брукпен болатын жекпе-жегіне қалай дайындалып жатыр? видеодан үзінді

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпион Келл Брукпен болатын жекпе-жекке жатығу жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Бұл кездесуді "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирден таратады. Кездесу орта салмақта өткендіктен, Головкиннің барлық жүлдесі тігілетін болады.

Жаттығулар кезінде Головкин "бой с тенью" жаттығуын жасап, рингте гантельдермен жаттығады. Назарларыңызға қазақстандықтың Брукпен кездесу алдындағы дайындығының үзінділерін ұсынамыз.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама