Головкин кіші Монромен жекпе-жектен 30 күн бұрын салмақ өлшеу рәсімінен өтті

@BoxingScene.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин  (32-0, 29 КО) америкалық Вилли Монро-кішімен (19-1, 6 KO) жекпе-жектен 30 күн бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Головкин 76,7 келі салмақ көрсетті. WBC ережесі бойынша екі боксшы да 79,8 келіге дейін салмақ қоса алады.

Еске сала кетейік, Головкин мен Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Лос-Анджелес қаласындағы "Форум" аренасында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 17 мамыр күні таңғы сағат 08.00-де басталады. Осыған дейін букмекерлік кеңселер кездесуге болжам жасаған болатын. "Олимп" букмекерлік кеңсесі бұл жекпе-жекте Головкиннің фаворит болатынына сеніп отыр. Қазақстандықтың жеңу коэффициенті 1.02, Монро-кішінің жеңу коэффициенті 20-ға тең. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, алдағы жекпе-жек қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы 33-ші кездесуі. Головкин жеңген жағдайда аргентиналық Карлос Роке Монсонның өз категориясында чемпиондық титулын сақтау рекордын қайталайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама