12 қазан 2018 13:09

Головкин командасындағы қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Әли Ахмедов

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой рингте 13-жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой рингте 13-жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Месе қаласында өткен жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBC жастар чемпионы белбеуінің иегері 23 жастағы Ахмедов 27 жастағы мексикалық Джовани Хавьер Гомеспен жұдырықтасты. 

Реклама
Реклама

Кездесу сегіз раундқа созылуы тиіс еді, алайда бірінші раундта-ақ аяқталды. Ахмедов қарсыласының бауырына соққы жұмсағаннан кейін қарсыласы жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты. 

Ахмедовтің жекпе-жегі 01:27:00

Осылайша қазақстандық боксшы жартылай ауыр салмақта NABF Junior титулын жеңіп алды. 13 жекпе-жек өткізген Ахмедов барлығында да жеңіске жетті, оның он кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. 17 рет жеңіске жеткен Гомес болса, 15-ші рет жеңіліс тапты. 

Айта кетейік, Ахмедов GGG Promotions промоутерлік компаниясының атынан өнер көрсетеді. Ол Абель Санчестің Big Bear лагерінде жаттығады.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram