Головкин Мартиросянды екінші раундта жеңді

Головкин Мартиросянды екінші раундта жеңді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесуде Головкин бірінші секундтардан шабуылын үдете түсті. Мартиросян бірнеше соққысын дарыта алды. 

36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады. 

Жарнама
Жарнама

Бокс кешін QazSport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетті.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама