Головкин мен Альварес 5 мамырда жұдырықтаспайды - WBC президенті

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. © Reuters

Б?кіл?лемдік бокс ке?есіні? (WBC) президенті Маурисио Сулейман 5 мамыр к?ніне жоспарлан?ан орта салма?та?ы WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалы? Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында?ы екінші кездесу ?тпейтінін хабарлады, - деп хабарлайды vRINGe.com порталы.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 5 мамыр күніне жоспарланған орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу өтпейтінін хабарлады, - деп хабарлайды vRINGe.com порталы.

"Менің ойым: жекпе-жек (Головкин-Канело) өтпейді. Невадада тыңдалым (Альварестің ісіне қатысты) 18 сәуірге ауыстырылды. Енді жекпе-жектің 5 мамырда қалай өтетінін елестете де алмаймын", - деп келтіреді Сулейманның сөзін ESPN Deportes порталы.

Еске салайық, 27 наурызда Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альваресті екі допинг сынаманың (17 және 20-ақпан) кленбутерол дәруменіне оң нәтижесін бергені үшін уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Мексикалық боксшының ісіне байланысты нүкте 10 сәуір күні шығуы керек еді. Алайда іс 18 сәуірге ауыстырылды.

Реклама
Реклама

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының Альварестің ісі қалай аяқталысына қарамастан 5 мамыр күні шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын хабарлады. Олардың екінші кездесуі де Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.

29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times басылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама