31 қазан 2018 | 23:10

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды

© Bloody Elbow

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін, - деп хабарлайды RingTV.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін, - деп хабарлайды RingTV.

Боксшылар осыған дейін екі рет кездесіп үлгерді. Екеуі де қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті. Бірінші кездесуде даулы шешіммен тең аяқталған еді. Екіншісінде төрешілердің басым бөлігі жеңісті мексикалыққа берді. Қазақстандық спортшы кәсіпқой рингте бірінші рет жеңіліп, барлық белбеуінен айырылды. 

Реклама
Реклама

Таяуда Альварестің DAZN компаниясымен рекордтық келісімшартқа отырғаны туралы хабарланды. Таяуда Головкин де осы компаниямен келісімшартқа отыруы мүмкін. 2019 жылы мамырда Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО) пен Альварес арасында жекпе-жек өтеді деп болжанады, мексикалық боксшы жеңіске жеткен жағдайда қыркүйекте "Канело" мен GGG арасындағы трилогия ұйымдастырылуы мүмкін. 

Басында үшінші жекпе-жек мамырда өткізіледі деп болжанған. Головкин араға ешкімді қоспай дереу реванш өткізуді сұраған еді. Алайда WBC ұйымы бұл ұсынысты қабыл алмады. Альварес келесі жекпе-жегін 15 желтоқсанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында ұлыбританиялық Рокки Филдингке (27-1, 15 КО) қарсы өткізеді. Жеңіске жеткен жағдайда, мексикалық боксшы үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпион атанады. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная