ПОДЕЛИТЬСЯ
04 шілде 2019 | 09:29
Головкин мен Альварес бір қарсыласқа таласып жатыр - БАҚ
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгияға қыркүйекте отандасы Сауль Альвареспен жұдырықтасуды ұсынды. Бұл туралы ESPN-ге мексикалық танымал промоутер Фернандо Бельтран айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Таңда Оскар Де Ла Хойямен ("Канелоның" промоутері) сөйлестім, ол Хайме мен Альварес жекпе-жегінің қаншалықты қызық екенін сұрады. Біздің қызығушылығымыз өте жоғары екенін айтқан едім, ол маған ұсыныс жіберді. Қазір соны қарап жатырмыз", - деді Бельтран.
Golden Boy-дың ұсынысы жайлы толық мәліметтер жоқ, бірақ боксшылар 160 фунтта жұдырықтасуы ықтимал. Бұған дейін Мунгияның өзі титулынан бас тартып, орта салмаққа ауысқысы келетінін айтқан еді. Боксшылар Лас-Вегаста кездесуі мүмкін.
"Канелоның" командасы бұған дейін басқа кандидатпен келіссөз жүргізген. Басында GBP жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевке ұсыныс жасаған, бірақ ресейлік боксшы сыйақының аз болуына байланысты одан бас тартқан еді.
Мунгия бұған дейін қазақстандық Геннадий Головкиннің қыркүйектегі қарсыласы ретінде қарастырылған болатын. Алдында GGG "Канелоға" үшінші жекпе-жекті биыл өткізуді ұсынған, бірақ мексикалық боксшы одан бас тартқан.
Альварес пен Головкин бұған дейін екі рет кездескен: 2017 жылы қыркүйекте Лас-Вегаста боксшылар тең түссе, тура бір жылдан соң сол қалада мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген еді.
Показать комментарии
Читайте также