Головкин мен Альварес көз арбасты

© REUTERS

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалы? боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдында ?орытынды баспас?з м?слихатын ?ткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдында қорытынды баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин промоутерлерге, демеушілер мен ұйымдастырушыларға, сонымен қатар, HBO PPV телеарнасына алғыс білдірді . "Бұл бокс үшін өте маңызды уақыт. Мен көп сөйлегім келмейді. Мен дайынмын, Альварестің командасын құрметтеймін. Бұл біз үшін маңызды күн! 16 қыркүйекте T-Mobile аренасына қош келдіңіздер, бұл ірі әрі тарихи жекпе-жек. 16 қыркүйекте кездескенше", - деді Головкин. 

Альварес өзін қолдаған барлық адамға алғыс білдірді. "Сіздер мені білесіздер: мен көп сөйлей алмаймын. Менің бар айтпағым - мен дайынмын. Жекпе-жектің тым ауыр болатынын білемін, бірақ мен оған дайынмын. Сіздер осы жекпе-жектен ләззат алсын деген тілектемін. Сенбіде кездескенше", - деді Альварес. 

Реклама
Реклама

Баспасөз конференциясы аяқталғаннан кейін боксшылар көз арбасты. 

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама