Головкин мен Альварес жанжалдан кейін бетпе-бет кездесті

Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес қыркүйектегі матч-реванш қарсаңында қандай да бір біріккен медиажобалардан бас тартқанына қарамастан, бетпе-бет кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

TMZ Sports мәліметінше, олар шілдеде кездескен, боксшылар алдағы жекпе-жегінің проморолигін түсіру шарасына қатысқан. 

"Кездесу шиеленіскен жағдайда өтті. Боксшылар бір бөлмеде болып, бір-біріне қарсы соққы жасауы қажет болды. Олар "шынайы жаугершілікті" көрсетіп, түсірілім алаңында трэштокинг жасады", - деп жазады басылым.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен. 12 раундтың қорытындысы бойынша олар тең тарқасқан. Тараптар қызу талқыдан кейін 15 қыркүйекте қайтадан кездесу ұйымдастыру туралы шешімге келді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама