Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегін қай арналар көрсетеді?

© Тұрар Қазанғапов

15 қыркүйекте Лас-Вегас (АҚШ) қаласындағы T-Mobile аренасында WBA (Super), IBO және WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпиондары қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында жекпе-жек өтеді. Кездесуді тікелей эфирде Qazaqstan мен Qazsport телеарналары көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жылдың басты жекпе-жегін өткізіп алма! Трансляция 16 қыркүйек күні тікелей эфирде Qazaqstan мен Qazsport телеарналарында көрсетіледі. Сонымен қатар, Головкиннің кездесуін Qazaqstan TV мобильді қосымшасынан тамашалауға болады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Сауль Альварес Геннадий Головкинге қарсы кездесуінде WBA (Super), IBO және WBC белдігі үшін таласады. Сондай-ақ, олар орта салмақ бойынша The Ring журналының чемпиондық белдігін сарапқа салмақшы. Олардың алғашқы кездесуі бір жыл бұрын дәл осы аренада өтіп, екі боксшы тең түскен болатын.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама