23 қазан 2018 | 10:14

Головкин мен Альварестің үшінші қарымта жекпе-жегі неге міндетті түрде өтуі керек?

Ұлыбританиялық танымал промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек міндетті түрде өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық танымал промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек міндетті түрде өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. 

Головкин мексикалық боксшы Альвареспен ең бірінші жекпе-жегін 2017 жылдың басында қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile Arena алаңында өткізген болатын. Араға бір жыл сала дәл сол алаңда екінші жекпе-жек өтіп, қазылар алқасының шешімімен "Канело" жеңген болатын. Головкин бокс карьерасында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды. Кейінірек екі боксшы да үшінші қарымта жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеген еді. 

Реклама
Реклама

"Головкин қандай шешімді қабылдаса да, ол үшін ең тиімдісі "Канеломен" жұдырықтасу. Дәл осы жекпе-жекке теңесетін басқа жекпе-жек болмайды. Жұрт Муратамен өтетін жекпе-жек туралы айтып жатыр. Алайда ол жеңіліп қалды. Сондықтан ол үшін "Канело" ең тиімді шешім. Бұл жекпе-жек оған бес, алты тіпті жеті есеге көп пайда әкеледі. Егер ол DAZN алаңына келсе тіптен қуанар едік", - деп келтірді BoxingScene.com басылымы Хирннің сөзін. 

Головкиннің жекпе-жегі HBO телеарнасынында 2012 жылдан бастап көрсетіледі. Келісім бойынша, оның соңғы жекпе-жегі Альвареспен болатын. Қазақстандыққа деген қызуғышылығын Showtime және ESPN телеарналары, сондай-ақ жақында 365 миллион долларға Альвареспен келісімшартқа отырған стримингтік DAZN қызметі қызығушылық білдірген болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram