Головкин мен Деревянченко Нью-Йоркте ашық жаттығу өткізді

© instagram/tomloeffler1

1 қазанда Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко Нью-Йоркте IBF және IBO титулдары сарапқа салынатын жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

1 қазанда Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко Нью-Йоркте IBF және IBO титулдары сарапқа салынатын жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар жаттыққан ринг Madison Square Garden аренасының маңында салынған. Іс-шара фанаттар мен журналистерге ашық болды. 

Ашық жаттығуға қазақстандық Али Ахмедов пен өзбек боксшысы Исраил Мадримов та қатысты, олар бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады. 

Реклама
Реклама


Фото: Турар Казангапов

Естеріңізге салсақ, Головкин - Деревянченко кездесуі Қазақстан уақытымен 6 қазанда таңда басталады. Жекпе-жекті тікелей эфирде Qazsport пен Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы - елорда уақытымен 06:00-де. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама