Головкин мен Джейкобс NBA матчында халықты дүр сілкіндірді

Головкин мен Джейкобс NBA матчында халықты дүр сілкіндірді

?аза?станды? Геннадий Головкин ж?не оны? алда?ы жекпе-жегінде ?арсыласы болатын америкалы? Дэниэл Джейкобс Нью-Йорктегі NBA т?ра?ты чемпионатында болып ?айтты, - деп хабарлайы Vesti.kz.

Қазақстандық Геннадий Головкин және оның алдағы жекпе-жегінде қарсыласы болатын америкалық Дэниэл Джейкобс Нью-Йорктегі NBA тұрақты чемпионатында болып қайтты, - деп хабарлайы Vesti.kz.

Головкин мен Джейкобс Madison Square Garden аренасында "Нью-Йорк Никс" және "Нью-Орлеан Пеликанс" командалары арасында өткен матчқа қонақ болды. Матч ортасындағы үзіліс кезінде белгілі ринг-анонсер Майкл Баффер ортаға шығып, алда өтетін жекпе-жекті құлақтандырды және боксшыларды ортаға шақырды. Осы кезде жұрт Джейкобс пен Головкинді ду қол шапалақпен қарсы алды. 

Реклама
Реклама

Ойын алдында Головкин "Никс" командасының латвиялық баскетболшысы Кристапс Порзингиспен кездесіп, екеуі базарлық алмасты: қазақстандық ойын жейдесін алса, ал баскетболшыға GGG қолтаңбасы қойылған былғары қолғап сыйланды. 

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Madison Square Garden аренасында өтеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама