27 қаңтар 2022 12:03

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек қашан өтетіні айтылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) екінші орта салмақтағы төрт титул сарапқа салынатын жекпе-жек өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инсайдер Майк Коппинджер ESPN-ге арналған материалында жекпе-жек 2022 жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін екенін айтты. Ал бұған дейін мексикалық WBC бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленген америкалық Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) кездесуі мүмкін.

"Тағы бір ұсыныс Matchroom Boxing Эдди Хирннен келіп түсті. Ол екі жекпе-жек ұсынды. Ұсыныс бойынша "Канело" 7 мамырда жеңіл салмақтағы титул иегері Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) кездеседі.

Екінші жекпе-жек - 17 қыркүйекте Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы көптен күткен айқас. Бұл жолы 168 фунттағы Альварестің төрт титулы үшін болады", - деді инсайдер.

Реклама
Реклама

Еске салайық, "Канело" мен Головкин 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста кездескен болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram