ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2022 | 11:41
Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу қашан өтетіні айтылды
Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек биыл желтоқсанда өтуі мүмкін. Мұндай пікірді GGG-дің бұрынғы қарсыласы америкалық боксшы Кертис Стивенс айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз үшінші жекпе-жекті көргіміз келеді. Бірінші кездесуде тең нәтиже тіркелді, дұрыс па? Екінші жекпе-жекте Канелоның мерейі үстем болды. Енді үшінші кездесу өтуі керек. Қыркүйекте Альварес Биволмен жолығады. Сосын желтоқсанда ол Головкинмен кездесуі керек", - деді Стивенс FightHype.com порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, негізі Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу қыркүйекте өтеді деп жоспарланған еді. Бірақ мексикалық 8 мамырда Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңілген соң, қыркүйекте ресейлік боксшымен реванш өткізуді сұраған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также