Головкин мен "Канело" қайтадан көз арбасты

Видеодан алынған кадр

WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалы? Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) 5 мамырда Лас-Вегаста белгіленген жекпе-жекке байланысты  ?айтадан к?з арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) 5 мамырда Лас-Вегаста белгіленген жекпе-жекке байланысты  қайтадан көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар Лос-Анджелесте медиа іс-шара аясында өткен кездесуде көз арбасты. Сондай-ақ, Головкин мен Альварес баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап береді. 

Айта кетейік, 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да  өтетін бокс кешінің билеттері 28 ақпаннан бастап сатылымға шығады. Олардың бағалары 300 (96 000 теңге) - 5 000 доллар (1 600 000 теңге) аралығында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама