Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес қарымта жекпе-жек алдында допинг-сынамасын тапсырды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Бұл жекпе-жек бойынша допинг-сынаманы VADA (Допингке ерікті тестілеу қауымдастығы) жүргізеді. Боксшылар сынаманы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырды.
VADA ұйымының твиттердегі ресми парақшасында Головкин сынаманы жетінші рет, ал "Канело" - алтыншы рет тапсырғаны жазылған.
Жекпе-жек 5 мамырда өтеді және HBO арнасы оны ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Енді жекпе-жектің өткізілетін орнын белгілеу ғана қалды.