Головкин мен Лемье жекпе-жек алдында допингке тексеріледі

Головкин мен Лемье жекпе-жек алдында допингке тексеріледі Геннадий Головкин мен Давид Лемье. © allboxing.ru

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен оның қарсыласы канадалық Давид Лемье (34-2, 31 КО) жекпе-жек алдында тыйым салынған препараттарды анықтау бойынша келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

Екі боксшы да Дүниежүзілік антидопинг агенттігіне қажетті материалды өткізеді. Тараптар келісімшарттың өзге шарттарын жария етпеуді шешті. 

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама