Головкин мен оның бапкері Калифорнияның бокс даңқының залына енеді

© i-News.kz

Орта салма?та?ы WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF н?с?алары бойынша чемпион Геннадий Головкин мен оны? бапкері Абель Санчес Калифорнияны? бокс да??ыны? залына енеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпион Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчес Калифорнияның бокс даңқының залына енеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Салтанатты рәсім 22 қазанда Лос-Анджелесте өтеді. 

Еске салайық, Головкин Big Bear жаттығу лагерінде американық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жектің нақты күнін белгілеуді күтумен дайындық өткізіп жатыр. Кездесу 10 желтоқсанда болады деп күтілген, енді жекпе-жек 2017 жылдың басына алдын ала ауысытырылды.

Реклама
Реклама

Жақын уақытта Головкин мен Джейкобстың командалары келісімге келе алмаса, 22 қазанда саудаласу өтеді. Бұл жағдайда гонорарлар үлесі қазақстандықтың пайдасына 75-25 етіп бөлінеді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама