Головкин мен оның бапкері көп сөйлейді - Сауль Альварес

Головкин мен оның бапкері көп сөйлейді - Сауль Альварес © sport.bigmir.net

Мексикалық боксшы Сауль Альварес орта салмақтағы ең мықты боксшы Геннадий Головкинның командасынан айтылған сындарға (келесі жекпе-жекті қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға шамасы жетпейтіндігін айтқан) байланысты жауап қайтарды, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

Альварестің Головкинмен "Биг Бир" лагерінде бірге жаттығуға мүмкіндігі болған. Оның айтуынша, қазақстандық боксшының мінезі трэш-токинг жасауға мүлдем қарсы.

"Біз Головкин екеумізге бірге жаттығу жасауға мүмкіндік туған, мен "Биг Бир" лагеріне барғанмын. "Қазір Головкин мен Санчес көп сөйлейді. Мен шын мәнінде қалай екенін білмеймін, алайда менің ойымша, мұның барлығы айналасындағылардың әсері деп ойлаймын. Бірақ бұл оның өз шаруасы", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Головкин таяуда өзін Альвареспен салыстырмауын қалайтынын айтқан болатын. Ал Головкинді жаттықтырушы Абель Санчес мексикалық боксшыны тағы да сынның астына алды.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама