03 маусым 2019 09:15

Головкин мен Роллс Нью-Йорк көшелерінде көз арбасты

Фото: Tom Hogan

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) Нью-Йорктегі Times Square алаңында көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) Нью-Йорктегі Times Square алаңында көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Олардан бөлек, бұл шараға қазақстандық Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) пен америкалық Маркус МакДэниэл (15-0, 2 КО) де қатысты. Олар бұл кеште екінші орта салмақта WBC International титулын сарапқа салады. 

Реклама
Реклама

"Жекпе-жекке дейінгі күндерді санаймыз", - деп жазды Головкин Instagram желісінде. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vestikz (@vestikzgram) 2 Июн 2019 в 6:43 PDT

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing) 2 Июн 2019 в 4:14 PDT

Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен шоу 9 маусымда таңда басталады. Бұл кеште Головкин мен Ахмедовтен бөлек, тағы бір қазақстандық - жартылай орта салмақта өнер көрсететін Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) жұдырықтасады, оның қарсыласы америкалық Брайан Себальо (8-0, 4 КО) болады. 

Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram