06 маусым 2019 | 09:23

Головкин мен Роллстың жекпе-жекке дайындығы туралы деректі фильмінің екінші бөлімі шықты

Дина Муратова Редактор
© Фото: boxingscene.com

DAZN стриминг компаниясы "40 күн" фильмінің екінші бөлімін жарыққа шыққанын жариялады. Деректі фильмде Геннадий Головкин мен (38-1-1, 34 КО) канадалық боксшы Стив Роллстың (19-0, 10 КО) жекпе-жек алдындағы дайындықтары көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

DAZN стриминг компаниясы "40 күн" фильмінің екінші бөлімін жарыққа шыққанын жариялады. Деректі фильмде Геннадий Головкин мен (38-1-1, 34 КО) канадалық боксшы Стив Роллстың (19-0, 10 КО) жекпе-жек алдындағы дайындықтары көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz

Фильмнің бірінші бөлігі "Талпыныс" деп аталған. Онда Головкин мен Роллстың жаттығулары көрсетілген. Бұл туындыны танымал голливудтық актер Марк Уолбергтің компаниясы түсірген. Уолбергтің өзі фильмнің продюсері.

Реклама
Реклама

Бірнеше бөлімнен тұратын "40 күн" деректі фильмін DAZN компаниясы айтулы жекпе-жектердің алдында түсіреді. 

Боксшылардың кездесуі 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden алаңында 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді. Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады. 

Бұл бокс кешінің андеркартында қазақстандық Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) және Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) өнер көрсетеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша бокс кеші 9 маусымда өтеді. Қазақстандық көрермендер жекпе-жектерді тікелей эфирден тамашалай алады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная