Головкин мен Сондерс жазда Қазақстанда жұдырықтасады - БАҚ

Головкин мен Сондерс © Round By Round Boxing

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) ж?не осы салма?та?ы WBO белбеуіні? иегері а?ылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО)  жазда ?аза?станда ж?дыры?тасу?а келісті. Б?л туралы Boxing Legends TV интернет-арнасыны? Twitter желісіндегі пара?шасы хабарлап отыр.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) және осы салмақтағы WBO белбеуінің иегері ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО)  жазда Қазақстанда жұдырықтасуға келісті. Бұл туралы Boxing Legends TV интернет-арнасының Twitter желісіндегі парақшасы хабарлап отыр.

Арнаның мәліметінше, олардың жекпе-жегі Қазақстанда өтеді. Боксшылар барлық шартпен келісіп отыр екен. 

"Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинге қарсы, жекпе-жек Қазақстанда өтеді", - делінген Boxing Legends TV арнасының парақшасында. Айта кетейік, GGG қазірде Сондерстің иелігіндегі WBO белбеуін алса, орта салмақтағы барлық титулдың басын біріктіреді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама