Головкин Мехикоға жасаған сапарынан қандай әсер алғанын айтты

Головкин Мехикоға жасаған сапарынан қандай әсер алғанын айтты © Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal

WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин Мехико?а жаса?ан сапарынан ?андай ?сер ал?анын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz BoxingScene.com. басылымына сілтеме жасап.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Мехикоға жасаған сапарынан қандай әсер алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz BoxingScene.com. басылымына сілтеме жасап.

"Емханада жатқан балаларға барғанда жүрегім елжіреді. Оларға сол күні осындай ерекше сәт сыйлау тамаша әсер қалдырды. Дәрігерлер мен медбикелерге, ем алып жатқан балалар мен олардың отбасыларына үлкен құрмет білдіремін. Оларды көріп, бір сәт көңілдерін көтеріп қайтқаным үшін алғыс айтамын", - деді Головкин.

Сондай-ақ, әлем чемпионы губернатордан ресми декларация алғанын құрмет тұтатынын айтты.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Головкинді Мехикоға шақырған болатын. Сондай-ақ, Головкиннің қыркүйекте Мехикода болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесетіні айтылған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама