Головкин міндетті жекпе-жегінің уақытын тағы шегеруді сұрады

© theogdenchicago.com

Геннадий Головкинні? промоутері Том Леффлерді? айтуынша, боксшы Халы?аралы? бокс федерациясынан (IBF) шешімін ?айта ?арауды с?рап отыр - ?йымда?ылар титулды ?ор?ау ?шін міндетті ?арсыласы украиналы? Сергей Деревянченкомен жекпе-жегін 2018 жылды? 3 тамызына дейін ?кізуді талап етіп отыр. Жекпе-жек ?тпей ?алса, Головкин IBF титулынан айырылады, деп хабарлады Vesti.kz порталы vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, боксшы Халықаралық бокс федерациясынан (IBF) шешімін қайта қарауды сұрап отыр - ұйымдағылар титулды қорғау үшін міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жегін 2018 жылдың 3 тамызына дейін өкізуді талап етіп отыр. Жекпе-жек өтпей қалса, Головкин IBF титулынан айырылады, деп хабарлады Vesti.kz порталы vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін Головкин міндетті жекпе-жегінің уақытын кейінге шегеріп, 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасты. Головкин мен Мартиросян кездесуі бәсекелі болған жоқ - чемпион қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

IBF ережесі бойынша, міндетті кездесудің уақытын екі рет шегеруге болмайды, ал ұйымның өзі (WBC және WBA ұйымдарындағы әріптестеріне қарағанда) қатаң түрде жарғы бойынша жұмыс істейді. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Головкин Деревянченкомен жекпе-жек өткізудің орнына қаржылай тиімді реванш, мексикалық Сауль Альвареспен кездесу өткізбекші. Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі 2017 жылы қыркүйекте өтті және екеуі де тең түсті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама