Головкин Муратамен жекпе-жек күні видео жариялады

Головкин Муратамен жекпе-жек күні видео жариялады Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 9 сәуірде Жапонияда IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA "суперчемпион" белбеуінің иегері Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Twitter-де "Fight day!" деп жазып жаттығу видеосын жариялады.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, Головкин 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ-та поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-ші рет әлем чемпионы атанып, рекорд орнатқаннан кейін рингке шықпады. Ал Мурата 2019 жылдың желтоқсанында канадалық Стивен Батлерге қарсы кездесуде титулын сәтті қорғап шықты.

Еске салайық, қазақстандықтар бүгінгі жекпе-жекті тікелей эфирде көре алады. Бокс кеші Сайтама қаласында өтеді, оны Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15.00-де басталады. Головкин-Муратаның жекпе-жегі шамамен 18:10-да басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама