09 сәуір 2022 | 18:33

Головкин Муратаны нокаутпен жеңді

©Reuters

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Спортшылар Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO, Риота Муратаның WBA Super белбеуін сарапқа салды. Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді - жапон боксшысы нокдаун алған кезде оның бұрышы рингке орамал тастады.  

Осылайша, кеше 40 жасқа толған Геннадий Головкин кәсіпқой карьерасында 42-жеңісіне қол жеткізді. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ-та поляк Камил Шереметаға қарсы өткізіп, оны нокаутқа түсірген еді. Сол кезде 21-рет әлем чемпионы атанып, рекорд орнатқаннан кейін рингке шықпаған. Ал Мурата болса рингке 2019 жылдың желтоқсанынан бері шығып отыр, сол кезде канадалық Стивен Батлерге қарсы кездесуде титулын сәтті қорғап шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная