30 тамыз 2014 10:59

Головкин мұздай су құйынып, барлық достарын аталған шараға қатысуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орташа салмақтағы WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша бокстан әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Ice Bucket Challenge шарасы аясында үстіне мұздай су құйынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орташа салмақтағы WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша бокстан әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Ice Bucket Challenge шарасы аясында үстіне мұздай су құйынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша Геннадий Головкин велоспорт бойынша Лондон олимпиада чемпионы және "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтың ұсынысына оң жауап қатты. "Мұздай суық суда 10 минут болған ол эстефаны өзінің барлық досына ұсынатындығын мәлімдеді әрі оларға осы акцияны түсірген бейнежазбаны жолдауды өтінді", - деп хабарлайды "ВКонтакте" GGG тобы.

Винокуров өз кезегінде тағы бір Лондон олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің ұсынысын қабыл алған, одан кейін ол эстафета "таяқшасын" кедергілері бар 100 метрге жүгіруден Сидней-2000 олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаға және Лиллехаммер-1994 олимпиада чемпионы, шаңғышы Владимир Смирновқа ұсынған.

Бұл туралы мына арадан оқи аласыздар.

Алдында волейболшы қызымыз Сабина Алтынбекова мұздай су құйыну акциясына қатысқан болатын. Ол туралы бейнежазбаны волейболшы Instagram-дағы өз аккаунтына орнатқан.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети