Головкин Назарбаевқа: Менің ісім - жеңу, қалғаны өз қолыңызда

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаевты? ?лем чемпионы Геннадий Головкинмен кездескені т?сірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездескені түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Cені қыркүйекте өте маңызды кездесу күтіп тұр. Барлық қазақстандықтың атынан саған сәттілік тілеймін. Қазақстандықтар сенің барлық жекпе-жегіңді мұқият қарайды. Біз сені мақтан тұтамыз. Бұл жастар үшін және тәрбие көрсету үшін өте маңызды", - деді Назарбаев Президенттің телерадиокешені жариялаған видеода.

"Менің ісім - жеңу, қалғаны өз қолыңызда", - деп күлді боксшы.

Реклама
Реклама

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Головкинге "Қазақстан Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың" орденін табыстады.

Еске сала кетейік, мұның алдында маусым айында Головкин Назарбаевқа чемпиондық белбеулерін сыйлаған болатын. "Елімізді таныту үшін бар күшімді сарп етемін. Орайы келсе, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Халқымыз осындай үлкен сауыққа лайық. Мұндайды көру барлығына қызық болады деген ойдамын", - деген еді Головкин.

Tengrinews
Автор сұрағы
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама