04 мамыр 2018 16:38

Головкин неге ашуланғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ARMBOXING.COM © ARMBOXING.COM

Қазақстандық Геннадий Головкин тағы да мексикалық Сауль "Канело" Альваресті қатты сынға алды, - деп хабарлайды vringe.com


Қазақстандық Геннадий Головкин тағы да мексикалық Сауль "Канело" Альваресті қатты сынға алды, - деп хабарлайды vringe.com

"Кейбір БАҚ-тың Альваресті ақтап алуға тырысатыны ызаландырады. Оны жақсы боксшы, ол жағдай жай ғана кездейсоқтық дейді. Ештеңе етпейді деп жазып, кейде оны мақтап қояды. Ал меніңше Альварес сияқтылар бокс үшін ең үлкен ауыртпалық. Ол допинг қабылдайды, ал оған көз жұма қарағысы келетіндер бар. Бұл - проблема. Бүкіл бокс үшін. Альварес туралы айта беріп, бекер уақыт жоғалтудың қажеті жоқ", - дейді боксшы. 

Қазақстандық боксшы мұндай теріс қылықтар жас спортшылар үшін жаман үлгі екенін айтады. 

"Альвареске тағы да жеңілдік беруімізді қалайтындар көп. Олардың айтатыны: "Не бопты, қателік жасаған екен". Бірақ мұндай болмау керек. Бұл оқиғадан кейін ол әр күні допинг тест тапсыру керек болатын, басқалар үшін ескерту болатындай. Жас боксшылар алдыңғы буынды үлгі етеді. Ал олар допинг үшін ешқандай айыптың, шеттетудің болмайтынын көрсе, бұл жақсы үлгі емес. Жақсы үлгі беріңіздер, мұндай емес!", - дейді Головкин.

Сонымен бірге, Головкин допингке қатысты ешқандай сұрақтан қашпайтынын, өйткені жасыратын ештеңесі жоғын атап өтті. 

Жеке менде допинг сынамасымен бәрі дұрыс. Маған айтатыны: "Бөлмеде бол, біз допинг сынамасын аламыз". Мен күтемін, мен допинг қабылдамаймын. Ол туралы сұрақтардан қорықпаймын. Жасыратыным жоқ. Меніңше Альварес пен оның командасына жақсылап сабақ болуы керек, өйткені олар әлі де мойындамай келеді. Мұндай жағдай болмауы керек. Бәріміз таза бокс үшін күресуіміз қажет", - дейді Головкин.

Еске салайық, екі бірдей допинг сынамасы Альварестің қанында тыйым салынған кленбутерол барын көрсеткен. Осыдан кейін Альварес пен Головкин арасындағы 5 мамырға қарымта жекпе-жекпей өтпейтін болды. Боксшылардың алғашқы кездесуі 2017 жылы өткен болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети