Головкин - орта салмақта әлемдегі ең мықты, бірақ менімен кездескісі келмейді - Джермалл Чарло

Джермалл Чарло. © fightnetwork.com

Бірінші орта салма?та ?лем чемпионы (IBF, 2015-2017), сонымен ?атар, орта салма? д?режесінде WBC т?жырымы бойынша уа?ытша ?лем чемпионы Джермалл Чарло Геннадий Головкинні? де, Сауль "Канело" Альваресті? де онымен рингке шы??ысы келмейтінін м?лімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші орта салмақта әлем чемпионы (IBF, 2015-2017), сонымен қатар, орта салмақ дәрежесінде WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Джермалл Чарло Геннадий Головкиннің де, Сауль "Канело" Альварестің де онымен рингке шыққысы келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий Головкин - әлем бойынша орта салмақта ең мықты. Ол қазір биікте тұр, алайда менімен кездескісі келмейді. Оскар Де Ла Хойя да "Канелоға" қарсы жекпе-жек туралы ұсыныспен маған хабарласқан емес, қауесетке сенбеңіздер", - деп келтірді америкалық боксшының сөзін Аllboxing.ru.

Айта кетейік, Джермалл Чарло отандасы кіші-Сентено Угоны уақытынан бұрын жеңгеннен кейін Геннадий Головкин иелік ететін WBC белдігіне міндетті үміткер болды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы биыл қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізуді жоспарлаған болатын, алайда рематч ұйымдастыру бойынша келіссөздер тығырыққа тіреліп тұр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама