Головкин - орта салмақта әлемдегі ең мықты, бірақ менімен кездескісі келмейді - Джермалл Чарло

Головкин - орта салмақта әлемдегі ең мықты, бірақ менімен кездескісі келмейді - Джермалл Чарло Джермалл Чарло. © fightnetwork.com

Бірінші орта салмақта әлем чемпионы (IBF, 2015-2017), сонымен қатар, орта салмақ дәрежесінде WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Джермалл Чарло Геннадий Головкиннің де, Сауль "Канело" Альварестің де онымен рингке шыққысы келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий Головкин - әлем бойынша орта салмақта ең мықты. Ол қазір биікте тұр, алайда менімен кездескісі келмейді. Оскар Де Ла Хойя да "Канелоға" қарсы жекпе-жек туралы ұсыныспен маған хабарласқан емес, қауесетке сенбеңіздер", - деп келтірді америкалық боксшының сөзін Аllboxing.ru.

Айта кетейік, Джермалл Чарло отандасы кіші-Сентено Угоны уақытынан бұрын жеңгеннен кейін Геннадий Головкин иелік ететін WBC белдігіне міндетті үміткер болды.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы биыл қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізуді жоспарлаған болатын, алайда рематч ұйымдастыру бойынша келіссөздер тығырыққа тіреліп тұр.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама