29 сәуір 2019 | 14:55

Головкин өз бапкерінің жалақысын екі есе азайтпақ болған

Фото: laopinion.com

New York Post басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық бапкер Абель Санчеспен жұмысын тоқтатуына қатысты қосымша ақпараттар жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

New York Post басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық бапкер Абель Санчеспен жұмысын тоқтатуына қатысты қосымша ақпараттар жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 сәуірде Головкин 2010 жылдан бері бапкері болып келе жатқан Санчеспен еңбек келісімін тоқтатқанын хабарлаған еді. Мексикалық бапкердің айтуынша, Головкин DAZN стриминг сервисімен келісімшартқа отырғаннан кейін оның жалақысын азайтқысы келген. Маман боксшының ұсынысынан бас тартқан. 

Реклама
Реклама

"Головкин жаңа бапкерінің есімін әлі хабарлаған жоқ. Бірақ бірнеше кандидатты қарастырып жатыр деген қауесет бар. Дереккөзге сенсек, 37 жастағы Головкинге отбасы тарапынан қысым көрсетілген, олар алты жекпе-жекке жасалған келісімнен қаржылық табысты арттырғысы келген. Бұл жоспардың бір бөлігі - бапкердің қызметіне он пайыздық жалақы бермеу. Санчестің айтуынша, оған бес пайыз ғана ұсынылған", - деп жазды басылым. 

Абель Санчестің жаттықтыруымен Головкин 22 жекпе-жек өткізіп, 20-ын (19-ы нокаутпен) жеңіспен аяқтаған. Бір рет тең түсіп, бір мәрте жеңіліп қалған болатын. 

Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная