Головкин өзі сияқты жұлдызбен кездесіп көрген емес - Bleacher Report басылымы

© bleacherreport.com

Bleacher Report басылымыны? н?с?асы бойынша, ?аза?станды? Геннадий Головкин мен америкалы? Дэниэл Джейкобс арасында ?тетін жекпе-жек 2017 жылы к?тілетін кездесулерді? тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Bleacher Report басылымының нұсқасы бойынша, қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасында өтетін жекпе-жек 2017 жылы күтілетін кездесулердің тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жеңіліске ұшырамайтын орта салмақтағы боксшы 23 рет нокаутқа түсірудің арқасында бокс жұлдызы атанды. Ол титулдарын жинады, бірақ ешқашан өзі сияқты жұлдызбен кездесіп көрген емес", - деп жазады басылым.

Басылымның мәліметінше, Дэниэл Джейкобс GGG үшін мықты қарсылас болады. "Джейкобс мықты, орта салмақтағы бітімді боксшы, қауіпті күшке ие. Оның алғашқы нокауты Питер Куиллинмен өткен жекпе-жекте болды. Головкин жекпе-жекте жеңуге мүмкіндігі жоғары боксшы саналады, бірақ енді алдыңғы жекпе-жектердегідей болмайды", - деп жазады басылым.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама