Головкин Пакьяомен және кіші Мейвезермен кездесу үшін салмақ қууға дайын екенін айтты

©Novostimira.net

WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Мэнни Пакьяомен немесе Флойд Мейвезер-кішімен жұдырықтасу үшін салмақ тастауға дайын екенін айтты. Бұл туралы қазақстандық боксшы аталған боксшылармен кездесу үшін басқа салмақ категориясына өтуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап беру кезінде айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл қиын емес. Бұл үшін соншалықты көп салмақ тастаудың қажеті жоқ, себебі мен салмағымды оңай басқара аламын. Мен соншалықты ірі жігіт емеспін. Маған қараңыздар: мен ірілердің қатарынан емеспін. Босаң жағдайда салмақ қуа аламын", - деген Головкиннің сөзін "Спорт-Экспресс" басылымы Sky Sports ресурсына сілтеме жасай отырып келтіреді. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамыр күні Лос-Анджелес қаласында өтеді. Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы Boxcino 2014 турнирінің орта салмақтағы жеңімпазы - кіші Вилли Монро.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама