Головкин Қарағанды облысының құрметті азаматы атанды

Орта салма?та WBC, WBA (Super), IBF ж?не IBO т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) "?ара?анды облысыны? ??рметті азаматы" ата?ы берілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) "Қарағанды облысының құрметті азаматы" атағы берілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті, 13-ші сессиясында депутаттар бір ауыздан дауыс беріп, осындай шешім шығарды. 

"Қарағанды облысының құрметті азаматы" атағы өңір мен елге ерекше еңбек сіңіргені үшін беріледі. Мұндай марапатты шығару үшін кәсіпорыннан, мемлекеттік мекемеден немесе қоғамдық ұйымнан өтініш түсірілуі тиіс. Құрметті азамат атағы өмір бойына беріледі, бірақ сотты болған жағдайда одан айырылып қалуы мүмкін. Бұл атақты алу үшін азаматтың кем дегенде он жыл бойындағы қызметі өңірмен байланысты болуы керек. 

Реклама
Реклама

34 жастағы Головкин Қарағандыда туып-өскен. Қазіргі уақытта ол кәсіпқой бокста Қазақстаннан шыққан жалғыз әлем чемпионы әрі The Ring және ESPN тұжырымдары бойынша беделді рейтингтерде салмақ категориясына тәуелсіз үздік боксшылар тізімінде көш бастап тұр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама