Головкин Қытайдың ең танымал адамдарының бірімен кездесті

Орта салма?та?ы WBC, WBA (Super), IBF ж?не IBO т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) ?ытайда ата?ты кино ?ртісі Джет Лимен кездесті, деп жазады Vesti.kz порталы.

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Қытайда атақты кино әртісі Джет Лимен кездесті, деп жазады Vesti.kz порталы.

"Қытайда мықты тұлғалармен кездесіп жатырмын", - деп жазба қалдырды отандасымыз өзінің Инстаграм парақшасында.

Головкин Қытайға елдің ең бай адамдарының бірі Джек Маның шақыртуымен келді. Ма 11 қараша күні Шанхайда басты рөлде өзі ойнаған деректі фильмді шығарған еді Ал Головкиннің даңқты филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) және Голливуд жұлдызы Джейсон Стэтхэммен бірге фильмнің трейлеріне түскен еді.

Реклама
Реклама

Alibaba Group интернет-компаниясынан 39 миллиард доллар пайда тапқан 53 жастағы Ма Головкиннің жанкүйері. Қыркүйек айында ол отандасымыздың мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткен кездесуін тамашалап, жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшымен суретке түсіп алды.

 

[removed][removed]
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама