07 маусым 2019 09:28

Головкин - Роллс жекпе-жегіне арналған деректі фильмнің үшінші бөлімі шықты

© Тұрар Қазанғапов

DAZN стриминг сервисі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегі алдында "40 күн" деректі фильмінің үшінші бөлімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

DAZN стриминг сервисі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегі алдында "40 күн" деректі фильмінің үшінші бөлімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл бөлімнің атауы - "Ештеңеге қарамастан". Мұнда Головкин мен Роллстың жаттығуларынан бөлек, қазақстандық боксшы қатысқан баспасөз шаралары жайында айтылады. Деректі фильмді голливудтық танымал актер Марк Уолбергтің компаниясы түсірді. Актердің өзі фильмде продюсер болды. 

Реклама
Реклама

Now Presenting '#40DAYS: @GGGBoxing vs. Steve Rolls | Episode 3: Against the Odds' ????

???? @markwahlberg & Peter Berg pic.twitter.com/6wajKAaElP

— DAZN CA (@DAZN_CA) June 6, 2019

"40 күн" атты фильмдерді DAZN айтулы жекпе-жектер алдында түсіреді. Боксшылардың жаттығу лагерінің ұзақтығына байланысты осындай атау берілген. 

Боксшылардың кездесуі 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden алаңында 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді. Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады.

Бұл бокс кешінің андеркартында қазақстандық Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) және Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) өнер көрсетеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша бокс кеші 9 маусымда өтеді. Қазақстандық көрермендер жекпе-жектерді тікелей эфирден тамашалай алады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram