05 маусым 2019 | 09:24

Головкин Роллспен өтетін жекпе-жекке болжам жасады

Дина Муратова Редактор
© Фото: boxingscene.com

Орта салмақтағы экс-чемпион қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) болатын жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақтағы экс-чемпион қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) болатын жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылардың кездесуі 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden алаңында 164 фунтке дейінгі аралық салмақта өтеді.

Реклама
Реклама

"Мен Стивті сыйлаймын. Онымен жекпе-жек оңай болмайды. Мен осыған дейін де айтқандай бокста әркімнің жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Роллс ештеңе жоғалтпайды, ал жеңіске жетсе барлығын алады. Сондықтан да ол Нью-Йоркте мен үшін ең қауіпті боксшының бірі. Мен кездесуді соңына дейін апарамын ба, әлде уақытынан бұрын аяқтаймын ба? Бұл бокс, оны білмеймін. Маған мүмкіндік берсе, мен кездесуді ертерек аяқтаймын", - деді Головкин.

Осыған дейін қазақстандық боксшы Роллс аса танымал болмағанымен, өте маңызды қарсылас екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, Головкин таяуда өткен Энтони Джошуа - Энди Руис жекпе-жегін еске салды. Кездесуде ұлыбританиялық Джошуа жеңіліс тауып, барлық титулынан айырылып қалған еді.

Айта кетейік, Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная