ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2020 | 16:40
Головкин Шереметамен жекпе-жек үшін қанша ақша алды?
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің польшалық Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегінде қанша табыс тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің польшалық Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегінде қанша табыс тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Boxingscene.com мәліметінше, Головкин бұл кездесуден 7 миллион доллар пайда тапқан.
Сонымен қатар, келесі күні мексикалық Сауль Канело Альварес пен ұлыбританиялық Каллум Смит жекпе-жегі өткен еді. Онда Канело төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, екінші орта салмақта WBA, WBC және The Ring титулдарын иеленді. Бұл кездесуде мексикалық 20 миллион долларға ие болды.
Айта кетейік, Головкин үшін бұл жекпе-жек DAZN стриминг сервисімен жасалған келісімшарт бойынша 6 жекпе-жектің үшіншісі болуы керек еді. Келісімге сәйкес қазақстандық боксшы 15 миллион доллар алуы керек болған.
Алайда, The Athletic мәліметінше, Головкин мен DAZN Шереметамен жекпе-жекке дейін гонорар сомасын азайтуға келісіп, польшалық боксшымен болатын жекпе-жекті есепке алмаған.
Головкин 29 нокаутпен жеңіске жеткен боксшымен жұдырықтасуы мүмкін
Сондықтан Головкин келісімшарт аяқталғанға дейін 4 жекпе-жек өткізуі керек.
Айта кетейік, Головкин мен Шереметаның жекпе-жегі 19 желтоқсанда АҚШ-та өткен еді. Бұл кездесуде орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынды. Жекпе-жекте GGG мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша, Головкин 21-рет титулын сәтті қорғап, аты аңызға айналған америкалық боксшы Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Ал Шеремета алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также