Головкин соңғы өткізген жекпе-жегі жайлы шындықты мойындады

Головкин соңғы өткізген жекпе-жегі жайлы шындықты мойындады

Геннадий Головкин америкалы? Дэниэл Джейкобсты нокаут?а т?сірсе арманда?ан мексикалы? Сауль Альвареспен жекпе-жегіне ?ол жеткізе алмайтынын мойындады. Б?л туралы ?аза?станды? BoxingScene басылымына берген с?хбатында м?лімдеді. 

Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты нокаутқа түсірсе армандаған мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегіне қол жеткізе алмайтынын мойындады. Бұл туралы қазақстандық BoxingScene басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. 

"Мен Чавес емеспін, "Канело" - Джейкобс емес. Бокс - бұл бизнес. Дэниэлмен жекпе-жекте мықты көрінсем, оны нокаутқа түсірсем, Сауль Альвареспен жекпе-жекке қол жеткізе алмайтын едім. Джейкобс - тамаша боксшы. 12 раундқа созылған кездесуден мол тәжірибе алдым. Мұның алдында ешқашан соңына дейін жұдырықтасып көрмегенмін, тамаша сезімде болдым", - деді Головкин. 

Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтіп, отандасымыз қазылар алқасының бір ауыздан берген шешімімен жеңімпаз атанған болатын. Головкин карьерасында тұңғыш рет 12 раунд өткізді. "Канело" да 7 мамырда Хулио Сезар Чавеспен өткізген жекпе-жегінде қазылар алқасының шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Енді Головкин мен Альварес Лас-Вегаста 16 қыркүйекте кездеседі. Көптеген мамандар мұны нағыз "жыл жекпе-жегі" деп атап отыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама