ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 наурыз 2022 12:23
Головкин "суперчемпионмен" жекпе-жек алдындағы жаттығуын көрсетті
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
GGG жаттығып жатқан видеосын жүктеп, "Тағы осындай бірнеше күн өтсе, біз жолға дайынбыз" деп жазды.
Еске салайық, Головкин 9 сәуірде Жапонияда орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізеді. Боксшылар қазақстандықтың екі титулы мен жапониялықтың бір белбеуіне айқасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу