ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 наурыз 2017 09:39
Головкин тағы да бокс туралы көне журналдың мұқабасына шықты
Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Boxing News журналыны? м??абасына шы?ты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Boxing News журналының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, Boxing News журналы 1909 жылдан бастап шығады. Журналдың мұқабасында Головкиннің төрт чемпиондық белбеуімен түскен суреті бейнеленген.
Журналдың бұл шығарылымы қазақстандық боксшы мен америкалық Дэниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жекке арналып, "Storm warning" ("Дауылды ескерту") деген атаумен шыққан. Шығарылымда бұл кездесудің GGG-ге неліктен қиынға соғатынын және Джейкобстың неліктен жеңімпаз атануы мүмкін екені жазылған.
Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу