Головкин туған күнін қалай атап өтті?

Головкин туған күнін қалай атап өтті? © ВКонтакте/ "Геннадий GGG Головкин"

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин ата?ты Santa Anita Derby ат жарысына барды, б?л ж?нінде ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин атақты Santa Anita Derby ат жарысына барды, бұл жөнінде ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шараға Головкинмен бірге оның ағасы Максим, бапкері Абель Санчес пен промоутері Том Леффлер барды.

"Justify мен Боб Баффертті Santa Anita Derby жарысындағы жеңісімен құттықтаймын! Тура менің болжағанымдай болды", - деп келтірді топ Головкиннің сөзін.

Реклама
Реклама

© ВКонтакте/ "Геннадий GGG Головкин" 

Айта кетейік, бүгін, 8 сәуірде Геннадий Головкин 36 жасқа толған туған күнін тойлап жатыр.

Головкин 5 мамырда Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы кім болады, әзірше белгісіз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама